• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:11:39
Алматы
+12°

Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

 
Бүгін Алматы қаласының Достық үйінде ZOOM платформасында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті. Сессияға Алматы қаласының әкімі, Алматы қаласы ҚХА төрағасы Ерболат Досаев және Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.

Ерболат Досаев XXIV сессияны ресми түрде аша отырып, құттықтау сөз сөйледі.
Возможно, это изображение 3 человека и люди сидят
 
Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жалпыұлттық келісім мен бірлікті нығайту, бейбітшілікті сақтау бойынша маңызды мемлекеттік миссияны атқаратынын атап өтті.
 
Бұдан әрі Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев баяндама жасады.
Возможно, это изображение 1 человек и стоит
 
"Бүгін Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің арқасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімді, бейбітшілік пен ізгілік идеясын нығайтуға бағытталған 250-ден астам іс-шара өткізді" деді.

ҚХА мүшелері Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қорытындылап, "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" стратегиясы аясында алдағы кезеңге арналған перспективалық міндеттерді айқындады.

Осылайша, үш негізгі бағыт анықталды:
біріншісі – ҚХА-ның саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлін күшейту;
екінші – ҚХА-ның ақпараттық жұмысын күшейту және қоғамдық әлеуетін жандандыру;
үшіншісі – құқық қорғау қызметін күшейту.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында Ассамблеяның азаматтық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, ҚХА-ның жаңа болмысында бейбітшілік пен келісім саясатының берік институционалдық тірегі болып қала беретініне сенім білдірді.
 
Отырыс барысында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалды.
 
Алматы қаласы ҚХА алдында тұрған негізгі міндеттер туралы Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары, қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев айтып берді.
 
Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің өткен жылғы атқарған жұмысы және қалған кезеңдегі жоспарларымен Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов бөлісті.

Өз кезегінде, аналар кеңесінің атқарған жұмыстары туралы Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Махинур Исраилова баяндама жасап, ұлтаралық келісімді нығайтуға және дамытуға үлес қосып отырған аналар кеңесінің әрбір мүшесінің зор еңбегін атап өтті.

Баяндама соңында Алматы қаласы ҚХА Журналистер клубының төрағасы, Республикалық неміс "Deutsche Allgemeine Zeitung" газетінің бас редакторы Олеса Клименкоға сөз берілді. Өз сөзінде ол этносаралық қатынастарды дамыту мен нығайтудағы журналистер клубының маңызды рөлін атап өтті. Журналистер клубы Ассамблея қызметін жариялау бойынша белсенді жұмыс жүргізеді және толеранттылықты нығайтуға, этносаралық, Қоғамдық келісім мен азаматтық бірлікті сақтауға тікелей қатысады.

Қорытындылай келе, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тыңдалды.

Іс-шараның ресми бөлігін қорытындылай келе, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ҚХА-ның барлық мүшелеріне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Ассамблеяға ерекше жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Ассамблея - тұрақтылықтың кепілі. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар-сапалы адами капитал, тиімділікті көрсететін жұмыстың жинақталған әдістері, сондай-ақ қоғамдық игіліктер үшін жасампаз арнаға бағытталуы тиіс жас азаматтардың әлеуеті.​

Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір