• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:26:36
Алматы
+35°

Владимир Зеленский Харковь облысына жасаған сапарында Украина Қауіпсіздік қызметі облыстық басқармасының басшысы Роман Дудинді қызметінен босатты.

Зеленскийдің сөзінше, соғыстың алғашқы күнінен бастап Дудин өзінің жеке басын ғана ойлаған. Алайда Зеленский Дудин қандай қателікке жол бергенін нақтылап айтпады. 

Украина президенті Харковь облысының әскері, полиция қызметкерлері бірлесіп жеңіс үшін күресіп жатқанын атап өтіп, десе де Украина Қауіпсіздік қызметі облыстық басқармасының жұмысына көңілі толмағанын жеткізді.

– Мен облысқа барып, жағдайды толық қадағаладым. Кейін Қауіпсіздік қызметі облыстық басқармасының басшысын жеке басының қамын ойлап, жеткілікті деңгейде жұмыс атқармағаны үшін жұмыстан босаттым. Нақтысын тәртіп сақшылары анықтайтын болады, – дейді Зеленский. 

Зеленский сонымен қатар аймақтың үштен бір бөлігі қазір ресейлік әскердің бақылауында екенін мәлім етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір