26 Мамыр, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
2015 жылдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында ШҚО қалалары мен ауылдық елді мекендерінің тұрғындары үшін орталық су мәселесі біртіндеп шешіліп келеді.
Шағын ауылдарды ауызсумен барынша қамту мақсатында 52 блок-модульді су тазарту және тарату стансалары орнатылады. Нәтижесінде, ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету өткен жылы 83,2%-дан 92,2%-ға дейін артты.
2025 жылға дейін облыстың барлық тұрғындары, 683 ауылдық елді мекен сапалы ауызсумен қамтамасыз етілетін болады. Қосымша 154 ауыл немесе 97,7 мың адам ауызсуға қол жеткізеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір