• USD 470.9

  • EUR 496.94

  • RUB 8.83

  • CNY 70.33

27 Маусым, 11:40:03
Алматы
+26°

Украинадағы соғысты айыптап мәлімдеме жасаған Дағыстанның Избербаш қаласындағы №11 мектепте оқитын оқушы мен оның ата-анасының кешірім сұраған видеосы жарияланды.

Оқушы әрекетін басқалардың назарын өзіне аудару үшін жасағанын айтып, кешірім сұрайды. Ал анасы видеода қызының әрекеті үшін кешірім сұрап отырып, Путиннің саясатын толық қолдайтынын жеткізген. 

Жергілікті "Кавказ Реали" сайты жасөспірім мен анасының үстінен әкімшілік іс қозғалғаны жөнінде ақпарат жариялады. Ал Дағыстанның Ішкі істер министрлігі аталған оқиғаға байланысты түсінік беруден бас тартқан. Тек қана "аталған оқиғаға байланысты тексеріс жұмыстары жүріп жатыр" деп жауап берген Кавказ Реали сайтының журналисіне. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде соңғы қоңырау салтанаты өтіп жатқан кезде "Соғысқа жол жоқ! Украинаға азаттық! Путин – сүмелек!" деп микрофонмен айғайлаған оқушының видеосы тараған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір