• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

29 Қараша, 12:16:49
Алматы
+6°

Америкалық жоғары заңгер сарапшылар АҚШ экс-президенті Дональд Трампқа қарсы айып тағуға қосымша себептері бар деп санайды.

Пенсильвания университетінің профессоры Клэр Финкельштейн және Миннесота университеті заң мектебінің профессоры Ричард Пэйнтер "Slate" журналына жазған мақаласында қылмыстық іс жүргізілетінін айтады.

Олардың сөзінше, кез келген қорқыту қылмыс болып саналады. Қорқыту, бұйрық беру немесе Федералдық үкіметтің кез келген қызметкерін кез келген саяси қызметпен айналысуға мәжбүрлеу әрекеттерін жасаған адамдар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

"Трамп жоғарыда аталған уәжге сәйкес саяси мәжбүрлеу үшін жауапқа тартылуы мүмкін" дейді олар.

Сарапшылар Трамптың бірнеше есептеріне назар аударады. АҚШ экс-президенті ФБР басшысы Джеймс Комиге қысым көрсеткен; Ақ үйдің заңгері Дон Макган, Джорджия мемлекеттік хатшысы Брэд Раффенспергер сияқты штаттың сайлау шенеуніктеріне қысым жасалғаны жарияланды.

Вице-президент Майк Пенс те Трамптың мәжбүрлеу тактикасына ұшырағаны айтылды.

Бұған дейін Трамптың бұрынғы бас стратегі бір жылға түрмеге отыруы мүмкін екені хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір