• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:14:02
Алматы
+12°

Атырау облысының Махамбет ауданында бума шөп өртеніп, соның салдарынан 3 бала қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

– 2021 жылдың 5 қазанында сағат 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.  Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19:45-те жетіп, өрт 23:07-де  толығымен сөндірілді, – дейді Талғат Уәли.

Сол арада, 6 қазан сағат 00:02-де Махамбет аудандық полиция бөліміне Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған 3 баланың белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келіп түседі. 

– Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, – дейді баспасөз қызметі.

ТЖМ қазақстандықтарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Атырау облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір