• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:34:42
Алматы
+35°

Алматыдағы Ақбұлақ мөлтекауданында бес адамға оқ атқан Игорь Дужнов 10 шақты компания мен жеке тұлғаларға қарыз екені анықталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Дужнов бұрынғы отбасылық досынан 35 мың еуро қарыз алып, 10 жылдан бері қайтармай жүргені белгілі болды.

– Мен Игорьдың отбасын 16 жылдан бері танимын. 2009 жылы әкем қайтыс болған соң, 4 күннен кейін Игорь анама келіп, қолхатпен қарыз алып кеткен. Мұны анам маған 5 жылдан кейін ғана айтты. Сосын мен оны сотқа беріп, жеңіп шықтым. Бірақ ақшаны қайтару мүмкін болмады. Сол кезде біз Игорьдің қарызға батып, дүние-мүлкінің барлығы кепілде тұрғанын білгенбіз, – деді журналист Елена Винокурова. 

Еленаның сөзінше, Дужнов (бес адамға оқ атқан - ред)  Донбасстағы соғысқа барып, екі жылдай хабар-ошарсыз кеткен.

– Мен Игорьдан екі жыл бойы қайда болғанын сұрадым. Ол маған "Донбасста соғыстым" деген. Ал жұбайы күйеуін қарыз берген адамдар ұрлап әкетті деп арыз жазған. Неге адамдар қарызды оңай бере салды депте ойладым. Себебі бұл отбасы мүшелері діндар адамдар еді. Шіркеу салуға көмектесіп, қайырымдылықпен айналысқан. Ауқатты отбасы болған, – деді Елена Винокурова. 

2000 жылдары Дужновтың әйелі Анаида Демирчян, Ресейден дөңгелек әкеліп, көтерме саудамен айналысқан. Кейін бұл бизнесті күйеуіне тапсырып, сұлулық салонын ашқан.

Еленаның айтуынша, Дужнов қарыз алып қайтармай үйренген адам. Осы қарыз алған адамдар оған тыныштық бермей,  осындай қылмысқа барған. 

Борышкерлердің тізімі жарияланатын арнайы сайтта Дужновтың 10 шақты компания мен жеке тұлғаларға қарызы бар екені көрсетілген. Сол үшін оған Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынған.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында 20 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00 шамасында атыс болған.

Оқи отырыңыз: “Екі полицейдің мәйітін көрдім”. Куәгерлер Алматыдағы атыстың қалай болғанын айтып берді

Ақбұлақтағы трагедия: Қайтыс болғандар туралы ақпарат белгілі болды

Алматыдағы атыс: 5 адамды өлтірген күдікті кім екені анықталды 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір