• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:53:42
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылғанын мәлімдеді. 

Бұған дейін министрлік, жоғары оқу орны бас лицензиясынан айырылу алдында тұрғанын хабарлаған. Қайта тексеру қорытындысы бойынша заңбұзушылықтар анықталған.  Нәтижесінде Алматы қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен, аталған оқу орны бас лицензиясынан айырылды.

Сондай-ақ соттың 2021 жылғы 18 тамыздағы шешімімен жоғары оқу орыны тиісті нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Біз жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады, – деді білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Заңнамаға сәйкес, университет лицензиядан айырылған жағдайда білім алушылар семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір