• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

17 Қыркүйек, 00:55:05
Алматы
+17°

Талибан қозғалысының білім министрі Абдул Бақи Хаккани баспасөз мәслихатында Ауғанстанда әйелдер мен қыздардың білім алуына бірқатар жаңа шектеулер енгізілгенін мәлімдеді.

Тәліптер әйелдер мен ер адамдарды бірге оқыту "Исламға жат" екенін айтып, Ауғанстандағы университеттерде гендерлік сегрегация жүргізетінін мәлімдеді.

"(Ерлер мен әйелдерді) аралас оқыту ислам қағидаларына, екінші жағынан ұлттық құндылықтарымызға және ауғандардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне қайшы келеді" деді Хаккани.

Жаңа саясатты сипаттай отырып, Хаккани кампустарды жынысына қарай бөлу керек деп жариялады. Оның айтуынша, бұған жету үшін университеттер балама сабақ кестесін құруы керек немесе аудиториялардың ортасынан бөлінуін және орындардың жынысына қарай бөлінуін қамтамасыз етуі керек.

Талибан қозғалысы әйелдерге, студент қыздарға сабақ беретініне үміттенетіндерін айтты. Егер бұл мүмкін болмаса, ер адамдар әйелдерге сабақ бере алады, бірақ сабақтарда шариғат талаптары қатаң түсіндіріліп, ислам заңы басшылыққа алынуы керек.

Министр хиджаб немесе бас киімдер міндетті киім үлгісінің бірі болатынын айтты, бірақ ереженің бетті толықтай жабатыны я жаппайтыны нақтыланбады.

Хаккани "исламдық жүйедегі" жаңа ережелер Батысқа қарсы жүргізілген сәтті жиһадтың нәтижесі екенін айтты.

Тәліптердің 20 жыл бұрынғы үкіметі кезінде  әйелдер мен қыздардың мектепке баруына рұқсат етілмеген. 

Министр бұл жолы ол кездегідей саясатты қолданғысы келмейтінін мәлімдеді.

Сенбі күні тәліптер президент сарайының үстінде өз туын көтерген болатын, бұл – жаңа үкіметтің басталғанын білдіреді.

Билік басына оралғаннан бері Талибан әйелдерге спортпен айналысуға тыйым салған.

Көшеге шығып, өздерінің құқын талап еткен әйелдерді, сондай-ақ олардың наразылығын жариялаған ауған журналистерін соққыға жыққан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Талибан Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір