• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

17 Қыркүйек, 00:28:59
Алматы
+17°

Алматыда ірі жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды. Бұл туралы chp_kz Іnstagram парақшасында жарияланды.

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 04:00 шамасында Жандосов және Шаймерденов көшелерінің қиылысында болған. "Subaru" мен "Mitsubishi" көліктері бір-біріне соқтығысып, салдарынан 1985 және 1987 жылы туған "Mitsubishi" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Бес адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Аталған іс қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ЧП Казахстан (@chp_kz)

 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы жол

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір