• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

17 Қыркүйек, 00:51:45
Алматы
+17°
Білім және ғылым министрлігі студентер, магистранттар, докторанттар шәкіртақыларының артуына байланысты заңдық өзгерістер мен толықтырулар үкімет қаулысымен жоғары оқу орындарының білім алушыларына мемлекеттік стипендияларды төлеу, олардың мөлшері және тағайындау Ережесіне енгізілді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.
 
1 қыркүйектен бастап бакалавр бағдарламасы бойынша оқитындардың шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға ұлғайтылды.
 
– Бакалаврда оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін артты. Педагогикалық бағыт бойынша оқитын жоо студенттері бұрын 42 000 теңге алса, енді 50 400 теңге алатын болады. Біз президенттің тапсырмасын орындап, болашақ дәрігерлердің стипендиясын едәуір арттырдық. Олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алатын болады. Өткен жылдың қаңтар айында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шәкіртақы 25%-ға ұлғайтылды. Шын мәнінде, соңғы екі жылда бакалавриатта оқитын студенттердің стипендиясы шамамен 2 есе артты, – деді білім және ғылым вице-министрі Куаныш Ергалиев.
 
Сонымен қатар магистранттар, докторанттар мен интерндердің де шәкіртақылары артты. Егер бұрын магистранттар 66 913 теңге алса, енді олардың ай сайынғы стипендиясы 76 950 теңгені құрайды. Докторанттар стипендиясы 150 000 теңгеден 172 500 теңгеге дейін, интерндерде – 47 431 теңгеден 59 289 теңгеге дейін өсті.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: стипендия шәкіртақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір