• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

17 Қыркүйек, 00:28:16
Алматы
+17°

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин биылғы оқу жылына арнап жаңа қаулы жариялады.

"2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін" делінген құжатта.

Бекшин 2021 жылғы 29 тамыздағы №36 қаулысына сәйкес төмендегідей талап енгізді:

  • педагогтер мен персонал 100% вакцинациялануы қажет;
  • ұйымға кіру кезінде "Ashyq" қосымшасын енгізу керек; 
  • маска режимін сақтау қажет;
  • бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады; (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.)
  • мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;
  • бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған студенттер жатақханаға орналаса алады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір