• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:53:37
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда жекеменшік жоғары оқу орнын ашу – жақсы табыс көзіне айналғанын айтты.  

– Біз жапқан бір университеттің құрылтайшысы, оқу орнынан табатын қаржы көлемі 4 млрд теңгеден астам екенін айтты. Бұл – қыруар ақша ғой. Бірақ бізге керегі ол – сапа. Біз үшін оқу орны жекеменшік пе, мемлекеттік айырмашылық жоқ. Керегі – болашақ мамандарға сапалы білім беру. Егер тиісті деңгейде білім беріліп, тиісті талаптар орындалып жатса, біз ол оқу орнын қолдаймыз. Тиісті гранттар береміз. Алайда тексеріс нәтижесінде талаптарға сай келмейтін көптеген уинверситеттер лицензиясынан айырылып жатыр. Елде педогогтерді дайындайтын 86 университет болған. Оның саны – бар, сапасы – жоқ. Қазір олардың саны 50-ге қысқарды. Біз әлі де олардың санын азайтамыз, – деді министр.  

Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде 38 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылған.100 мыңға жуық студент басқа университетке ауысып жатыр.

– Тексеріс тоқтамайды. Мақсат – студенттерге сапалы білім беру. Осы тексерістің нәтижесінде, көптеген оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын, материалдық техникалық базасын жаңартып жатыр. Оқулықтар сатып алып жатыр. Сабақ, емтихандарын тиісті деңгейде өткізіп жатыр. Бұл – аз уақыт көлеміндегі жақсы көрсеткіш, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір