• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

16 Қыркүйек, 23:49:49
Алматы
+18°
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап артатынын хабарлады
 
– Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындарының оқытушылары енді ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңгені құрап, қауымдастырылған профессор 260 мың теңге, профессор 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында 400 мың теңге) алуы тиіс, –  деді Асхат Аймағамбетов. 
 
Министрдің сөзінше, жалақысы көтерілген оқытушылардың оқу жүктемесі төмендетіледі. Бұл мұғалімдердің ғылыми қызметпен айналысуларына мүмкіндік пен уақыттың жеткілікті болуы үшін жасалынып жатыр. 
 
– Біз жоспарлы түрде оқытушылар үшін жайлы жағдай жасап, еңбекақыны және педагогтердің мәртебесін арттырып жатырмыз. Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы да жоғарылайтын болады. Егер біз білімнің жоғары деңгейде болуын қаласақ, мұғалімдерге лайықты жалақы төлеу керек екенін түсінуіміз керек. Бұл ретте біз жоғары оқу орындары тарапынан сапалы жұмысты, ал оқытушылардан оқу процесіне асқан жауапкершілікпен қарауды талап етеміз, – деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
 
Сонымен қатар әр университет басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, оқытушылардың белгілі бір жетістіктері үшін қосымша ақы төлей алады. Жоғары оқу орындарының директорлар кеңесі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет.
 
Сонымен қатар, педагогикалық бір ставканың максималды көлемі бір оқу жылында 680 сағаттан аспайтын болады. 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір