• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:34:31
Алматы
+12°

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем 1 млн 676 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"25 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,1 млн-ға жуық бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1,7 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 676 мың қазақстандыққа аударылды" делінген хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады.

2 миллионнан астам өтінімнің ішінде:

– 804,4 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 521,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 249,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 524,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 804,4 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 150,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 144 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: МӘСҚ 42500

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір