• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 23:24:53

04 Желтоқсан, 2024 NEWS

Шымкентте заңсыз шығарылған активтер есебінен жатақхана құрылысына 2,6 миллиард теңге бөлінді

Үкімет елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен Шымкент қаласындағы "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" кешеніне арналған жаңа жатақхана салады.

Көррнекі сурет

Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері қарастырылған. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай жасалады деп жоспарланған.

“Бүгінде "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" арнайы кешенінде 363 адам оқиды. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған. Қазіргі уақытта тұруға орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қайта бағдарланған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр. Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды”, – делінген хабарламада. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір