• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 06:51:56
Алматы

04 Желтоқсан, 2024 NEWS

Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді

2024 жылғы 4 желтоқсанда өткен Мәжіліс отырысында "Мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қарау барысында депутаттар қыз алып қашу мәселесін талқыға салды.

Көрнекі сурет

Отырыс барысында Мұрат Әбенов айдың-күннің аманында қыз алып қашудың белең алып жатқанын айта келіп, бұл мәселеге Мәдениет және ақпарат министрлігі назар аудармай отырғанын баса айтты.

-Астанадағы университеттердің студенттері маған бір бейнероликті көрсетті. Ол жерде алып қашқан қызға мәжбүрлеп "өз еркіммен" келдім деген қолхат жаздырып жатты. Бұл барып тұрған құқық бұзушылық. Және бір өкініштісі мәдениет саласы мұны дәріптеп отыр. Мәселен, әншілер "Алып қашам мейлі олай қалама, келін қылам сені қалай да анама", деп, енді бір әнші "Көресің менің үйіме барасың, басыңа аппақ орамал тағасың! Көндірем, көнесің, қыз болып келесің — келін болып қаласың", деп ән шырқап жүр. Осылайша, мәдениет саласының қызметкерлері бұл қылмысты насихаттауда. Меніңше, мұндай дәріптеулерге заңмен тыйым салу керек", - дейді депутат.

Одан бөлек, Мұрат Әбенов пен Еділ Жаңбыршин осы мәселе бойынша Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан сөзін еске алып, тапсырманың әлі күнге орындалмай жатқанын алға тартты.

"Президент "елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар, бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік…Сондықтан, мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу керек және оны тек сынау жеткіліксіз, оған бііржола тосқауыл керек", деп тапсырма берген болатын. Бұл тапсырма әлі күнге дейін орындалмады",- деді Мұрат Әбенов.

Екі депутат та мәселені күн тәртібіне енгізіп, заңнамалық тұрғыда қарастыруды ұсынды. Бұл ретте, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов проблема алдағы отырыстарда бөлек тақырып ретінде қарастырылатынын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір