29 Қараша, 2024 NEWS
Теңгеміз 100 есе құнсызданды - Тимур Сүлейменов
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов теңгенің құнсызданып бара жатқанын мойындады.
Көрнекі сурет
Базалық мөлшерлеме жөнінде өткен жиында журналист Ұлттық банк басшысына "Қазақ валютасы 1993 жылы шығарылды. Содан бері теңгеміз құлдырап келеді. Енді неге Қазақстан экономикасы неге өспейді? Әлде біз білмейтін дертке шалдыққан ба? Бұлай айтқаным, елімізде жекелей ұлттық жобалар көп, бірақ тек құнсызданғанын көріп келе жатырмыз..." деп сұрады.
Мойындауымыз керек теңгеміз 100 есе құнсызданды. Бірақ ең көп құнсызданған кезі 90-шы жылдарға тиесілі. Мәселен, соңғы 10 жылды алсақ, 3,5 есе құнсызданған. Ал, оған әсер ететін көптеген фактор бар. Бірақ бұл тек Ұлттық банкке қойылатын сұрақ емес, бүкіл Үкімет көлемді ақпарат беруге тиіс деп есептеймін. Меніңше, сіздерге (журналистерге) үшін мұндай көлемді сұхбат қажет сияқты, - дейді Тимур Сүлейменов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір