• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Қараша, 14:37:45
Алматы
+12°

29 Қараша, 2024 NEWS

Путин Қазақстанды "іс жүзінде орыстілді Мемлекет" деп атады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанды “іс жүзінде орыстілді ел” деп атады.

Ашық дереккөзден

Сондай-ақ Владимир Путин қоғамды екі мемлекеттің мүддесін сынамауға және Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты бұзбауға шақырды.

Астанаға сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында журналистер Путиннен Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының болашағы туралы сұрады.

"Қазақстан іс жүзінде орыстілді мемлекет. Оны өздеріңіз де сезінген шығарсыздар. Өкінішке қарай не істеу керектігі және қалай істеу керектігі туралы өз пікірлері бар адамдар әрқашан көп. Болып жатқан процестерге өзіндік сынмен қарайтындар. Ресей қоғамында да, қазақстандық қоғамда да бар. Бұл сын барлық уақытта мемлекеттердің мүдделеріне сәйкес келе бермейді, сондай-ақ әрқашан пайдалы да бола бермейді. Біз байланыстарымызды нығайту үшін барлығын жасауымыз керек. Біздің қарым-қатынасымызды бұзатын қадамдарға бармау қажет", – деді Ресей президенті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір