• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 00:15:31
Алматы

Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ашық НҚА” порталында адамның ЖОО-да оқуына бастапқы капитал берудің ережелерін жариялады.

Бұйрықта ереже келесі жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енуі тиіс деп атап өтілді.

Енді баланың оқуына жинақтау депозитіне немесе білім беру сақтандыру шарты бойынша есептік сомаға бюджеттен бір жолғы төлем аударылады.

Яғни, бастапқы төлемге – 60 АЕК (235 920 теңге) бөлінеді. Бұл көптеген отбасылар үшін айтарлықтай қолдау көрсетеді. Жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бұл сома 120 АЕК-ке (471 840 теңге) ұлғайтылды.

Капитал 5 жасқа толған инвестор немесе бенефициарлардың шотына есептеледі. 

Процесс қалай жүзеге асады:

  • Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдар төлемдерге өтініш берушілер туралы ақпаратты жібереді;
  • Банктер мен сақтандыру компаниялары қолданыстағы келісімшарттар туралы мәліметтерді ұсынады;
  • Білім беру жинақтау жүйесінің операторы ақпаратты өңдейді және шоттарға қаражат аударады.

Есептеу жылына екі рет болады:

31 тамызға дейін – бес жасқа толған балаларға;
Келесі жылдың 28 ақпанына дейін – 5-ке енді толып болғандарға.

Ата-аналар жылдық жарна салып отыруы керек. Көпбалалы отбасы балалары 12 АЕК, ал қалғандары 24 АЕК төлейді.

Бала грантқа түссе, жинақ салымдарын тек оқуға ғана емес, тұрғын үй қажеттіліктеріне де пайдалануға болады:

  • тұрғын үй немесе жер сатып алу;
  • бастапқы жарна және ипотекалық несиені өтеу;
  • жеке үйді жөндеу немесе салу;
  • сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді төлеу.

Мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын балалар үшін қаражатқа қолжетімділік оқуды аяқтағаннан кейін ашылады. Шетелге құжат тапсырған кезде қаражатты пайдалануға болады.

Егер жылдық алым төленбесе, салымшы азаматтығынан айырылса, шарт мақсатын бұзса, бастапқы капитал бюджетке қайтарылады. Инвестор төтенше жағдайға тап болса немесе карантиндік шараларға байланысты табысынан айырылса, онда қайтару міндеттелмейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір