07 Қазан, 2024 Барлық аймақтар
АЭС бойынша референдум: Қазақстанда дауыс беру аяқталды
Қазақстанда АЭС бойынша референдум учаскелері жұмысын аяқтады.
Көрнекі сурет
Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру басталды.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дауыс беру бюллетенінде "Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?" деген сұрақ бар. Ал сайлаушының жауап нұсқалары: "Иә, келісемін" және "Жоқ, келіспеймін".
Сайлаушы кез келген белгіні өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға қояды.
Дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.
6 қазан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-ы бюллетень алды.
Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты).
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір