• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:07:27
Алматы
+35°

Фото: Аятжан Ахметжанның facebook парақшасынан

QAZBILIM ұлттық лицейлер желісінің басшысы Аятжан Ахметжан үш қаладағы мектепке қосымша гранттар бөлетінін хабарлады.

Аятжан Ахметжан мұндай шешімге жеңілдік сұраған ата-аналар мен өтініш айтқан адамдар тым көп болуын ескере отырып келгенін, экономикалық мүмкіндігін саралай отырып 3 қалаға тағы 420 оқушыға грант беруді жөн көргенін жеткізген.

Сондай-ақ ол бұған дейін оқу жылының соңында 8 қаладағы QAZBILIM ұлттық лицейлеріне 300 оқушыға грант бергені, екі реттегі гранттың жалпы құны 800 миллион теңгеден асатынын атап өтті.

Гранттар бөлінісі төмендегідей:
QAZBILIM SHYMKENT-2 ұлттық лицейіне
-100% гранттан - 100 оқушыға грант;
-50% гранттан - 50 оқушыға грант;
Тел. 8701 531 8008.
QAZBILIM QYZYLORDA ұлттық лицейіне
-100% гранттан - 100 оқушыға грант;
-50% гранттан - 50 оқушыға грант;
Тел. 8701 934 8008
QAZBILIM ATYRAU ұлттық лицейіне
-100% гранттан - 20 оқушыға грант;
-50% гранттан - 100 оқушыға грант беремін деп шештім.
Тел. 8701 943 8008.
Қабылдау емтиханы 28 тамыз күні болады! Емтиханға алдын ала тіркелу міндетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір