• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:05:31
Алматы
+12°

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық банкпен бірлесе отырып бірқатар несие пайыздарын төмендету туралы қаулы шығарғанын хабарлады.

Оған сай, төмендегідей пайыздық мөлшерлемелер төмендетіледі:

♦ кепілсіз банк қарыздары мен шағын несие ұйымдарындағы шағын несиелердің жылдық максималдық сыйақысының тиімді мөлшерлемесі 56-дан 46%-ға дейін;

♦ кепілді банк займдары 40-тан 35%-ға дейін;

♦ ипотекалық займдар 25%-ға дейін.

45 күнге дейінгі микронесиелердің күндік номиналды мөлшерлемесі 1-ден 0,3%-ға төмендетіліп, жылдық сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 179% шамасында белгіленді. Мұндай займдардың максималдық сомасы 50-ден 45 АЕК-ке немесе 184,6 мыңнан 166,14 мың теңгеге дейін азайтылады.

Сондай-ақ тұтынушылық несиелер мен микронесиелердің максималдық сомасы белгіленді:

кепілсіз банк қарыздары бойынша  – 2200 АЕК (8 122 400 теңге);
кепілсіз микронесиелер бойынша – 1 100 АЕК (4 061 200 теңге);
ломбардтардағы микронесиелер бойынша – 8 000 АЕК (29 536 000 теңге);
шағыннесие ұйымдарындағы шағыннесиелер бойынша – 20 000 АЕК (73 840 000 теңге).

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: несие пайызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір