• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:19:25
Алматы
+35°

12 Маусым, 2024 NEWS

Елімізде енді мектеп түлектерінің аттестатын цифрлық форматта алуға болады

Оқу-ағарту министрлігі енді негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатты цифрлы түрде алуға болатынын мәлімдеді. Құжаттар eGovMobile мобильді қосымшасындағы жаңа Bilim қызметінде қол жетімді болады.

Көрнекі сурет

Министрлік мектеп түлектерінің аттестаттары цифрлық форматта осы жылдан бастап қолжетімді болатынын алға тартты.

"Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасында жаңа Bilim сервисіне өту қажет. Онда "Менің балаларым" бөлімінде кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін цифрлық құжаттары қолжетімді болады", – деп атап өтті цифрландыру департаментінің директоры Майра Маралбаева.

Bilim қызметі қолданбада шамамен бір ай бұрын іске қосылды. Ол білім туралы ақпаратты, сандық құжаттардан тұратын бірнеше бөлімдерді қамтиды. Бұрын қосымшада QR коды бар колледж дипломдары қолжетімді болған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: eGovMobile аттестат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір