• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:09:42
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2024 NEWS

«Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін» – Дональд Трамп

Бұл елді басқаратын ақымақтардың кесірінен тірі қалатын адамдар аз.

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі америкалық басшылықтың қабілетсіздігінің кесірінен сайлауға дейін қалған бес айда үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Skifnews. kz- ке сілтеме жасап. 

Ол өзінің президент ретіндегі мұрагері және бәсекелесі Джо Байденді меңзеп, оның кесірінен алдағы бес ай қауіпті екенін мәлімдеді.

«Бұл елді басқаратын ақымақтардың кесірінен тірі қалатын адамдар аз. Өйткені қазіргі қарудың күші қорқынышты. Алдағы бес айда біз үшінші дүниежүзілік соғысқа ұшырауымыз мүмкін», - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы «қорқынышты» қақтығысты шешуге уәде беретінін айтқан. Енді ол егер АҚШ-ты басқаруды жалғастырса, бұл қақтығыстың пайда болуына жол бермейтінін тағы қайталап айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дональд Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір