• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:18:58
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуге дайындалып жатыр. Жогорку Кенеш отырысында министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров осылай деп айтты.

Фото: ашық дереккөзден

Министрлер кабинетінің төрағасы Бішкектегі жылу электр орталығында апат болғанда Қазақстанның Қырғызстанға көмек қолын созғанын еске алды.

“Осы кезеңде біз де оларға сұрамаса да гуманитарлық көмек жібереміз. Сонымен қатар мүмкіндікті пайдалана отырып, Өзбекстан, Түрікменстан мен Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Президенттің көрші елдермен жақсы саясатының арқасында олар біз сұрағанға дейін көмек қолын созды”, – деді Ақылбек Жапаров. 

Ол қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен керуен дайындалып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыспен төтенше жағдайлар министрлігі айналысады. Қазақстанға Қырғызстанда дайындалған отандық өнімдері жіберіледі. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: көмек Қырғызстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір