06 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Енді студенттерге несие берілмейді
18 жасар студенттің табысы болмаса да банктер несие беретін, енді бермейді.
Фото ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына жастардың несие алуына қатысты сұрақ қойған болатын.
- Қарізргі уақытта 18-20 жас аралығындағы 500 мыңға жуық адамның тұтынушылық несиесі бар. Оның ішінде проблемалық кредиті бар адамдар саны - 47 мың жас. Бұрын олар ресми түрде табысы болмаса да, кредит ала беретін. Енді шәкіртақысы не жалақысы, яғни ресми табысы болса ғана беріледі. Жалпы кредит алу - адамның конституциялық құқығы. Дегенмен табысына байланысты шектеу қоя аламыз, - дейді Мәдина Әбілқасымова.
Яғни ол "кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында жастарға тұтынушылық кредит беруді шектеу тетіктері қарастырылғанын айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір