• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:38:00
Алматы
+35°

19 Қаңтар, 2024 Барлық аймақтар

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне белгілі журналист Елжан Қайырханов тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Фб әлеуметтік желісінен алынды

Елжан Қайырханов 1995 жылы 25 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында дүниеге келген.

          2013 – 2017 жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек өтілі:

2013 – 2015 жылдар: «Өскемен» газетінің тілшісі

2015 – 2017 жылдар: Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығының маманы, ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы;

2018 – 2019 жылдар: ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің басшысы;

2019 – 2020 жылдар: «Шығыс Ақпарат» ЖШС Әкімшілік және блогосфера бөлімінің басшысы;

2020 жыл: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы;

2022 – 2023 жылдар: «Шығыс Ақпарат» ЖШС Әлеуметтік медиа-маркетинг департаменті басшысы;

2023 – 2024 жылдар: Өскемен қаласы Аумақтық сайлау комиссиясы төраға орынбасары;

 

"Жаңа жыл жаңа қызметтен басталды. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне осылай кірісіп кеттім. Журналист – билік пен халық арасындағы көпір, дәнекер жан дейді ғой. Өз басым баспасөз қызметін осы билік пен журналистика арасындағы байланыс және көпір деп есептеймін. Осыған дейін облыстық басқармаларда баспасөз бөліміне жетекшілік етіп, БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс жасаған едім, енді жаңа қызмет өмірдің жаңа бір белесі болмақ. Әрдайым 24/7 байланыстамын" дейді Елжан Қайырханов фейсбук әлеуметтік парақшасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір