• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 03:03:09
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2024 NEWS

Оралдағы жарылыстан жарақат алған 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

  Зардап шеккендердің екеуі Өзбекстан азаматы. Ауруханада жатқан бес адамның үшеуі ер, екеуі әйел адам.

Фото: Ашық дереккөз

Оралда дәмханада болған жарылыстан кейін 4 адам жансақтау бөліміне түсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсановтың мәліметінше, оқиға орнынан қалалық көпбейінді ауруханаға 6 адам жеткізілген. Біреуі амбулаториялық емге жіберілген. Жеңіл күйік алған бір адам осы аурухананың травмотолгия бөліміне жатқызылды.
 
"4 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Арасында бір науқастың оң иығы сынған. Миы шайқалған. Қалған үшеуінің денесін 15%-тен 52%-ке дейін күйік шалған. Жағдайы өте ауыр", - дейді Ерлан Тоқсанов.
 
Зардап шеккендердің екеуі Өзбекстан азаматы. Ауруханада жатқан бес адамның үшеуі ер, екеуі әйел адам. Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс болған жерден екі адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатын.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір