• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:50:04
Алматы
+35°

24 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

Павлодар облысында тағы бір ауылдың аты қазақшаланады

Павлодар облысы Тереңкөл ауданына қарасты Львовка ауылының атауы өзгеретін болды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ғаламтор желісінен алынды

Бұған дейін Верненка ауылдық округі халық арасында қазақшаланып «Алтай ауылы» деп аталатын. Уақыт өте келе аты ресми түрле «Львовка» деп өзгертілген. Дегенмен де, ауыл тұрғындары ауылдың атауын бұрынғы «Алтай» деп аталуына ұсыныс тастады.

Бұл мәселеге қатысты Верненка ауылдық округінің әкімі Алтынай Дүйсембаева ауылдың қазақша атауы қайта өзгертілетінін айтты.

  • Ауыл жиынының шешімімен «Львовка» ауылын «Алтай» деп өзгертуді шештік. Барлық құжатты ономастика комиссиясына жібердік. Егер оң нәтиже шығатын болса, Алтай ауылдық округі жіне Алтай ауылы деп өзгертіледі, – дейді.

Айта кетейік,  аталмыш ауылдық округте 587 адам тұрады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауыл Львовка Алтай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір