• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:20:37
Алматы
+12°

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Ерлан Сайыров халықтың әлеуметтік жағдайының төмен екенін айтты. Депутаттың айтуынша, халық кедейліктен несие алуға мәжбүр. 

"Жеке тұлғаларды банкрот деп танысақ қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман туады деп ойладық. Олай болмай шықты. Өзіңіз айтқандай, 68 мың адамның 5,5 мыңы ғана банкрот деп таныған. Сонымен бірге қазір елімізде кредит алудың динамикасы артып келе жатыр. Адамдарды кредит алады деп кінәлауға да болмайды. Себебі күнкөріс төмендеп келе жатыр. Адамдар кедей. Халық нан, макарон мен ет үшін несие алады. Сондықтан, біз себеппен емес салдармен күресіп жатырмыз. Негізгі себеп халықтың кедейлігі. Кедейлікпен күресу үшін қандай шара қолданылып жатыр?", деді Ерлан Сайыров.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір