• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 06:08:29
Алматы
+35°

Алматы облысы әкімінің өкімімен және мемлекеттік қызмет істері агенттігі келісімімен Данияр Абзалиденұлы Алиев облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Данияр Абзалиденұлы 1986 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университетінде «тарих» мамандығы, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университетінде «тарих магистрі», 2020 жылы «Алматы» университетінде «құқық» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатында қор сақтау бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы тарихының мұражайында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, ғылыми қызметкері, Алматы қаласы мәдениет басқармасының бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы бойынша филиалында консультант, бөлім меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде комитет төрағасының орынбасары болып еңбек еткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір