• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 03:43:57
Алматы
+35°

Батыс Қазақстан облысында шекарашылар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетелдікті ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
 
Оқиға 11 тамызда болған. Шетелдіктер өткізу бекеттеріне бармай, шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысқан.
 
Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
 
БҚО Бөрлі ауданы сотымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапқа тартылды.
 
ҰҚК ақпаратынша, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан БҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір