• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 04:51:26
Алматы
+35°

Астанада Дін істері комитетінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмейтін кітаптарды заңсыз сатып келген кітап дүкені анықталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің дерегінше, дүкен Артем орталық базарының аумағында орналасқан.

Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы ("Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, өндіру, шығару, басып шығару және (немесе) тарату") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тұрақты түрде экстремизімге қарсы іс-шаралар жүргізіп тұратынын хабарлады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір