• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 14:21:34
Алматы
+9°

Қытайлық инвесторлар Түркістан облысында мақта егуі мүмкін. Бұл жөнінде өңір басшысы Дархан Сатыбалдының қытайлық компанияның жетекшілерімен кездесуі кезінде белгілі болды.

Қазір бұл инвесторлар көрші Өзбекстанда бірқатар ірі жобаларды іске асырып жатыр. Түркістанға арналған жобаның құны – 46 млн долларды құрайды.

Мақта өсіруде қытайлық заманауи технологиялар енгізілетін болады. Мамандар оны өндіріс көлемін едәуір арттырады деп отыр. 

Сонымен қатар қытайлық компания Түркістан облысында былғары өңдеу және ірі қара мал қалдықтарынан желатин өндіретін зауыт салуға да дайын. Бұл бизнес-жоспардың құны – 10 млн доллар.

"Сіздердің Сырдария облысында бастаған жұмыстарыңызбен жеке барып таныстым. Сол жердегі өндірістің барлығын қарап, танысып шыққанмын. Енді өздеріңізбен әрі қарай жобаларды іске асырып, жұмыс істесек, сол екі елдің қарым-қатынасына қосқан үлес болады, - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық инвесторларға.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қытай инвестор

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір