28 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Түркістан облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық деректер орталығы.
ҰЯО ГЗИ деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері 2023 жылғы 27 шілдеде Астана уақытымен сағат 05:52-де Шардарадан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым және Шымкент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 155 шақырым жерде тіркелген. Магнитудасы 4,1 болады. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6.
Еске салайық, 22 шілдеде Алматы сейсмикалық станциялары жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай шекарасында Алматыдан оңтүстікке қарай 299 шақырым жерде орналасқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір