• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:40:44
Алматы
+35°
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында таудан өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
 
18 шілдеде Катонқарағай ауданындағы Берел орман шаруашылығында өрт шықты. Өрт 1700 метр биіктікте шамамен 2,5 га аумақты шарпып жатыр.
 
"Жедел түрде Казавиаорман күзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника, "Қазавиаорманкүзеті" ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды", - дейді ведомство.
 
Еске сала кетейік, күні кеше ғана министрлік Шығыс Қазақстанның таулы аймағындағы өрт толық сөндірілді деп ақпарат таратқан болатын.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шығыс Қазақстан өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір