18 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қаладағы аптап ыстыққа байланысты Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына ескерту жасады. Алматы қаласында ертең 42 градус ыстық болады. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігін сақтап, алматылықтарды көшеге шықпауға үндеді.
Сондай-ақ ведомство өкілдері төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамаңыз;
- Бір желіге бірнеше электр құрылғы қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін.
- Балаларды автокөлік ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.
Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз.
Өрт қауіпті кезеңде Алматы қаласы ТЖД алдын алу шараларын күшейтті. Таулы орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында бекітілген патрульдеу кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндері орман шаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция өкілдері бірлескен рейд өткізеді»,- деп атап өтті департаменттен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір