• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 22:15:16
Алматы
+35°
Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.
 
"Халықаралық аренада Қазақстан имиджін қалыптастыру үшін көп күш-жігер жұмсадыңыз. Бүгінде Қазақстан өзінің өнеркәсіп әлеуетін сақтап қалған, нарықтық экономикасы бар, азаматтық қоғам негізі қаланған, этникалық және діни келісім орнаған мемлекет. Бұл көп ретте сіздің еңбегіңіздің арқасы", - делінген Беларусь президентінің құттықтауында.
 
Ол Нұрсұлтан Назарбаев екеуінің арасындағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.
 
Айта кетсек, бүгін Қазақстанның экс-президенті 83 жасқа толды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір