• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:10:01
Алматы
+35°

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

“Оған әскери бөлім бастығының белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындаудан ашық бас тартты деген айып тағылды. Сот анықтағандай, 2 шілдеде әскери бөлімнің қатардағы сарбаз Алматы гарнизоны гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне өтбаруға міндеттелді", - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Сот мәліметінше, сарбаз бөлімше командирінің бұйрығын орындаудан бас тартып, Әскери полиция басқармасының ғимаратына келген автокөлікпен белгісіз бағытқа кетіп қалған.

"Сот қаулысымен қатардағы жауынгер ӘҚБтК-нің 652-бабының 6 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: дәулет тұрлыханов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір