• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 04:49:18
Алматы
+35°

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлын қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Министр оның әскери қудалау органдарының шешімімен қолбасшылықтың бақылауында болғанын айтты.  Гаупвахтадан шығып, әскери бөлімге келе жатқанда өз еркімен кетіп қалған.

"Тәртіптік жарғыға сәйкес, ол жазаланады. Қайталап айтамын, әскер жас қылмыскерлерді қамауда ұстайтын колония емес. Біздің функциямыз мүлде басқа. Бұл – тәрбиеден кеткен олқылық. Біз оны түзете алмаймыз. Біздің функциямыз басқа", - деді Жақсылықов үкімет кулуарында.
 
Еске салсақ, бұған дейін  Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дәулет Тұрлыханов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір