• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 06:08:50
Алматы
+35°

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны сыйға тартқан. Бұл туралы Азаттық радиосы мәлімдеді. 

2014 жылы Алматы облысы Қарасау ауданы Шамалған ауылындағы жеке бөлінген 7 гектардай аумақта зәулім сарай салынған. 2016 жылғы ресми тіркеу кезінде бұл жылжымайтын мүлік Қайрат Сатыбалдының меншігі болып жазылған.

“Биыл сәуірдің ортасында Сатыбалдының атында тұрған жайлаудағы резиденция немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың иелігіндегі "Елбасы" қорының меншігіне өткен”, – делінген зерттеуде.

Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры мен "Азаматтарға арналған үкімет" порталының жауабында мүліктің меншік құқығы сыйға тарту шарты бойынша өзгергені айтылған.

ЖЕМҚОРЛАР

Еске салайық, Қайрат Сатыбалды былтыр қыркүйекте серіктерімен бірге 40 миллиард теңгені талан–таражға салды деген айыппен 6 жылға сотталған болатын. Астана қаласы №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімінде Сатыбалдының мүлкін тәркілеу де жазылған. Бірақ қандай мүлік екені анық көрсетілмеген.

Жер кадастрі деректерінде 12,5 гектар жерде орналасқан салтанатты сарай мен коттедждер Сатыбалдының бейресми әйелі Әсел Бақтиярқызының иелігінде екені көрсетілген.

"Былтыр қарашада жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қайрат Сатыбалдының үстінен екінші қылмыстық іс қозғап, тергеп жатырмыз деді. Агенттік Сатыбалды мен онымен байланысы бар адамдардан 1 миллиард доллардан астам қаражат қайтарылғанын айтты, бірақ әзірге тергеу аяқталғаны туралы ресми хабарланбады. Демек қылмыстық жазаға тартылып, мүлкі тәркіленген адамның атындағы мүліктің басқа тұлғаның иелігіне ауысқанына куә болып отырмыз", – делінген материалда.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалдының қамауда отырып Алматыдағы зәулім қонақ үйді сатып алғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Алайда Антикор бұл ақпаратты жоққа шығарды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір