14 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Даниал Ахметовтің Шығыс Қазақстан облысы әкімі ретінде өкілеті 15 маусым күні аяқталады. Сондықтан аймақтық мәслихат депутаттары облыс әкімін сайлау үшін жиналыс өткізбек. Бұл туралы ШҚО мәслихатының сайтында жарияланды.
Даниал Ахметов 2014 жылдың 11 қарашасынан бері ШҚО әкімі қызметінін атқарып келеді. 15 маусымда шенеуніктің 69 жасқа толуымен өкілеттілігі тоқтайды.
Еске салай кетейік, 2022 жылы Ахметовтің мемлекеттік қызметтегі көп жылдық тәжірибесі ескеріле отырып, лауазымдық өкілеттігі бір жылға ұзартылған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір