• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:06:30
Алматы
+35°

Бірінші кезекте 15 мың адам өтініш берген. 10 мамыр сағат 18:00-де тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына жазылудың екінші кезегі ашылады, деп хабарлайды Damubala.kz.

3 мамыр күні болған бірінші кезекте 15  мың адам өтініш беріп үлгерген. Еске салайық, бұл күні тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларындағы орындар саны 46 минут ішінде аяқталып қалған болатын.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидасының 12-тармағына сәйкес, өтінім қарау және ваучерлерді бөлу оператордың биылға арналған бюджетінде көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.

Платформаның қолдау қызметімен Telegram арқылы хабарласуға болады:

Ата-аналарға арналған канал

Жеткізуші ұйымдарға арналған канал.

Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері арқылы сұрақтарға жауап алуға болады:

Спорт басқармасы: 292-41-67;

Мәдениет басқармасы: 272-03-17;

Алатау ауданы әкімінің аппараты: 299-86-49;

Алмалы ауданы әкімінің аппараты: 272-56-98;

Әуезов ауданы әкімінің аппараты: 303-25-58;

Бостандық ауданы әкімінің аппараты: 275-50-68;

Жетісу ауданы әкімінің аппараты: 384-27-60;

Медеу ауданы әкімінің аппараты: 291-64-94;

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты: 307-45-53;

Түрксіб ауданы әкімінің аппараты: 223-11-15;

DamuBala платформасын әзірлеуші: +7 (775) 007-59-20.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір