• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:27:28
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Тоқаев үкімет мүшелерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жарлыққа сәйкес Энергетика министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің ғана басшылары ауысқан.

Бұған дейін "Самұрық–Қазына" қорын басқарған Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болса, Энергетика министрлігінің бұрынғы басшысы Болат Ақшолақов президент кеңесшісі болып тағайындалды.

Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі, сонымен қатар Премьер–Министрдің орынбасары атанды.

Үкіметтің қалған мүшелері өз қызметін сақтап қалды:

• Ғалымжан Қойшыбаев – Үкімет аппаратының басшысы, Премьер-Министрдің орынбасары;

• Роман Скляр – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары;

• Алтай Көлгінов – Премьер-Министрдің орынбасары;

• Серік Жұманғарин – Сауда және интеграция министрі, Премьер-Министрдің орынбасары;

• Ерұлан Жамаубаев – Қаржы министрі, Премьер-Министрдің орынбасары;

• Руслан Жақсылықов – Қорғаныс министрі;

• Марат Ахметжанов – Ішкі істер министрі;

• Әлібек Қуантиров – Ұлттық экономика министрі;

• Асхат Оралов – Мәдениет және спорт министрі;

• Азамат Есқараев – Әділет министрі;

• Тамара Дүйсенова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

• Марат Қарабаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

• Ажар Гиният – Денсаулық сақтау министрі;

• Бағдат Мусин – Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

• Зульфия Сүлейменова – Экология және табиғи ресурстар министрі;

• Дархан Қыдырәлі – Ақпарат және әлеуметтік даму министрі;

• Юрий Ильин – Төтенше жағдайлар министрі;

• Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;

• Ербол Қарашүкеев – Ауыл шаруашылығы министрі;

• Ғани Бейсембаев – Білім министрі.

Еске сала кетейік, 19 наурызда өткен парламент сайлауынан кейін Қазақстанның бұрынғы үкіметі отставкаға кетіп, Әлихан Смайылов Премьер–министр лауазымына қайта сайланған болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қр үкімет министр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір