• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:02:50
Алматы
+35°

Бүгін ұлт көсемі, Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туған күні. 1866 жылы 5 наурызда Қарқаралы уезінде дүниеге келген Әлихан Нұрмұхамедұлына 157 жыл толып отыр. 

Тарихшылардың айтуынша, оның саяси қызметі Омбыда "Халық бостандығы" партиясына мүше болған кезден басталған. Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлерінің ұлы арманы – қазақ мемлекетін құру болды. 1917 жылдың шілде айында Орынборда өткен бірінші жалпықазақтық съезінде Алаш ұлттық саяси партиясы заңдастырылды. Бұл Алаш үкіметін құруға жасалған негізгі қадам болатын. 

«Qamshy.kz» ақпарат агенттігі 2017 жылдың басында "Алашорда – 100 жыл" жалпыхалықтық шараларын іске асыратынын жариялады. Алаштың мерейтойы Ас беруден басталды. Сол жылы 5 наурызда Алматыдағы Ахмет Байтұрсынов музейі алдында Алаш қозғалыстың 100 жылдығына арналған ас беріліп, дұға оқылды. Шараға алаштанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, журналистер қатысты. Сәуір айында Ахмет Байтұрсынұлы саябағына «Алашорданың» 100 жылдығына арнап 100 ағаш отырғызылды. Қарашада Алатау дәстүрлі өнер театрында өткен шарада "100 жетім бала" мен "100 қиыншылығы бар студентке" 4 миллион теңге нақты қаражат бөлініп, көмек көрсетілді. Алаш рухына арналған шараның қорытындысы ретінде "Алаш арыстарының 100 ізбасары" марапатталды. Шарада ұлтқа қызмет етіп, ел ықыласына бөленген сан саланың үздіктеріне "Алаш арыстарының ізбасары" медалі табысталды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір