• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:35:24
Алматы
+35°

Ашық НҚА порталында мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы қаулыға өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасы жарияланды. 

Аталған жобаға сәйкес, емтихан сессияларын үздік тапсырған студенттердің шәкіртақысы 15%-ға өседі.  Бұдан бөлек, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендия мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • даярлаудың педагогикалық бағыттарында және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
  • педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
  • интерндерге  – 75 890 теңге;
  • магистранттарға – 97 024 теңге;
  • "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге;
  • докторанттарға  – 217 500 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.

Сондай-ақ, келесі санаттарға жататын стипендиаттардың шәкіртақысы артады:

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдарға және есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдар – 75%;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын, "Ардагерлер туралы" ҚР заңына сәйкес жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген студенттер, магистранттар және интерндер – 50%;
  • Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттер, магистранттар және интерндер – 30%;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек "үздік" деген бағалары бар студенттер, магистранттар (мемлекеттік атаулы стипендиялар мен ҚР президентінің стипендияларын алатын студенттерден басқа) – 15%;

Айта кетейік, құжат жобасы 17 наурызға дейін қоғамның жария талқысына ұсынылған. Өзгерістер қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір