27 Ақпан, 2023 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Түркияның шығыс аймағындағы Малатья првинциясында 5,6 баллдық зілзала болды, деп жазады Anadolu агенттігі. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жер сілкінісі салдарынан 25 үйдің құлағанын хабарлады.
Жер сілкінісі жергілікті уақыты бойынша сағат 12:00-де шамамен 5 метрлік тереңдікте болған. Ресми дерекке сүйенсек, зілзаладан 1 адам мерт болып, 69 адам жарақат алған.
Апат болған аймақта құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. AFAD халықты зардап шеккен ғимараттардан алыс болуға шақырды.
Түркиядан бөлек бүгін Қытай мен Қырғызстан шекарасында 2 рет 5,6 баллдық зілзала болғаны хабарланды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір