25 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: polisia.kz
Түркістан облысында тұрғындарға "үй кезегін жылжытып беремін" деп алдаған 31 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Сарыағаш полициясы жедел-іздестіру шарасы кезінде үй кезігін жылжытуға уәде беріп, 7 адамнан ақша алған күдіктіні ұстады. 31 жастағы әйел жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдын ала 100 мың теңге ақшасын алып, хабар ошарсыз кеткен.
Полиция қызметкерлері оның бұдан өзге 6 тұрғыннан да алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір