• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 07:29:52
+35°

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша өтініштер қабылдау 3 наурызда басталатынын хабарлады. Оның айтуынша, банкроттық бойынша өтініштер электрон форматта түсе бастаған.

"Қаржы басқарушылары бойынша мемлекеттік қызметті қостық. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелер ретінде 40 ақпараттық жүйемен интеграцияланған жаңа ақпараттық жүйе құрылды. Екі рет пилоттық сынақ және жүктеме сынақтары жүргізілді. Жүйе жұмыс істеп тұр. Алғашқы өтініштерді қабылдау 3 наурызда басталады. Жоғары деңгейдегі қызметкерлеріміз борышкерлер ең көп аймақтарға жіберілетін болады", деді Біржанов Сенат отырысында. 

2022 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы" заңға қол қойылған. 

Соттан тыс банкроттық рәсімді банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

Алайда төмендегі шарттар сақталуы тиіс:  

  • борыш 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспайды; 
  • кредит 12 ай бойы өтелмеген болса;
  • меншігінде тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмаған жағдайда;
  • банкпен реттеу жүргізілу керек. 

Мамандар өзін банкрот деп жариялаған тұлға шын мәнінде алдағы үш-бес жыл бойы елдің қаржы жүйесінен айырылатынын, қатаң шектеу мен бақылауға тап болатынын айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір